EXPO аумағы жаңа буынның технологиялық кластеріне айналмақ

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Робототехника орталығында қазірдің өзінде телеоператор арқылы гуманоид роботты басқару жүзеге асырылуда

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Exponential Cluster – бұл ғылым, технологиялық стартаптар мен индустрия біртұтас экожүйе ретінде жұмыс істейтін эталондық инновациялық алаң. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев айтты, - деп хабарлайды Almaty.tv Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Exponential Cluster кластері аясында қазірдің өзінде келесі бағыттар бойынша технологиялық орталықтар желісі қалыптасуда: Олар – Robotics, DroneTech, GameDev, Cybersecurity, MedTech, AgriTech, Industry 4.0 және Cybersport. Робототехника орталығында қазірдің өзінде телеоператор арқылы гуманоид роботты басқару жүзеге асырылуда. Роботты тілдік модельмен интеграциялау келушілермен интерактивті байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

«Дрондар орталығында Phygital-арена мен ұшқышсыз ұшу аппараттарының операторларын даярлауға арналған инфрақұрылым құру аяқталуға жақын. Сондай-ақ, робототехника орталығында гуманоидты роботтар зертханасы іске қосылды. Онда пайдаланушылармен өзара іс-қимыл жасау үшін Alem LLM тілдік моделімен телебасқару және интеграция технологиялары жүзеге асырылды», — деп атап өтті министр.

Барлық орталықтарды іске қосуды биыл аяқтау жоспарлануда. Болашақта кластер жыл сайын 500-ге жуық стартапты, соның ішінде 100-ден астам hardware-жобаны пайдалануға беруді қамтамасыз етеді. Exponential Cluster жыл сайын 500-ге дейін стартаптардың іске қосып, инновацияларды тарту орталығына айналмақ.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 303 зертхана жұмыс істеп тұр: ғылым мен бизнестің интеграциясы

Новости партнеров