Елімізде ЖИ қолданылатын 11 пилоттық жоба іске асырылды

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Қазақстанда цифрлық трансформацияға, стартаптарды қолдауға және заманауи технологияларды енгізуге бағытталған инновациялық экожүйе қалыптасуда

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда 500 кәсіпорынның технологиялық деңгейіне бағалау жүргізілді. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев хабарлады, - деп хабарлайды Almaty.tv Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол елімізде цифрлық трансформацияға, стартаптарды қолдауға және заманауи технологияларды енгізуге бағытталған инновациялық экожүйе қалыптасуда екенін атап өтті.

«500 кәсіпорынның технологиялық деңгейіне бағалау жүргізіліп, оның нәтижесі бойынша өндірістік процестерді жаңғыртуға қатысты 23 ұсыныс әзірленді. Цифрлық технологияларды енгізу бойынша 240 қызметкер оқытудан өтті», — деді Ерсайын Нағаспаев.

Оның айтуынша, жасанды интеллектіні енгізу жөніндегі жол картасы аясында өндірісте жасанды интеллект қолданылатын 11 пилоттық жоба іске асырылған.

Оқи отырыңыз: EXPO аумағы жаңа буынның технологиялық кластеріне айналмақ

Новости партнеров