Сарапшылардың айтуынша, әл-Фарабидің ізгі қоғам мен адамгершілікке негізделген тұжырымдары жас буын үшін де құндылығын жоғалтқан жоқ
Алматыда әл-Фараби мұрасын қазіргі ғылым мен білім кеңістігінде жаңаша таныту жұмыстары жалғасып жатыр. Биыл жас ғалымдардың басын қосқан «Фараби әлемі» халықаралық конференциясында ұлы ойшылдың идеялары ғылым, технология және жасанды интеллект дәуірімен сабақтастырылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Сарапшылардың айтуынша, әл-Фарабидің білім мен парасатқа, ізгі қоғам мен адамгершілікке негізделген тұжырымдары бүгінгі жас буын үшін де құндылығын жоғалтқан жоқ.
«Ғалымның «тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген ойы бүгінгі кибербулинг, алаяқтық, әлеуметтік желідегі агрессия сияқты мәселелермен байланыстырып түсіндірілсе, жастар оның маңызын тереңірек түсінетін еді», – деді фарабитанушы Бекжан Мейірбаев.
Оқи отырыңыз: Берекелі некенің құпиясы: 60 жыл отасқан қариялар жастарға қандай ақыл айтты