"QazaqGaz Aimaq" филиалына 61 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Кәсіпорын табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзғаны үшін кінәлі деп танылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті 2022-2023 жылдары жүргізген жоспардан тыс тексерулер нәтижесі бойынша тұтынушылардың өтініші негізінде «QazaqGaz Aimaq» АҚ-ның Қызылорда филиалы тарапынан реттелетін қызмет түрлеріне жатпайтын талаптарды заңсыз қою фактілері анықталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

ҚР ҰЭМ ТМРК баспасөз қызметінің мәліметінше, «QazaqGaz Aimaq» АҚ-ның Қызылорда филиалы тұтынушыларды қосуға техникалық шарттар беру кезінде табиғи монополиялар туралы заңнамада көзделмеген қосымша құжаттарды ұсынуды талап етті, бұл қолданыстағы заңнаманы тікелей бұзу саналады.

Қызылорда облысы бойынша Комитет департаментінің іс-әрекеттері, заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқамалары ҚР Жоғарғы сотын қоса алғанда, барлық сатыдағы соттар арқылы расталды.

«Мамандандырылған ауданаралық соттың қаулысымен филиал табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзғаны үшін кінәлі деп танылды. Филиалға 61,3 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, ол толық көлемде өтеліп, мемлекеттік бюджетке аударылды», - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында оқушы сыныптасын өлтірді деген күдікке ілінді

Новости партнеров