Футбол клубының экс-президентіне іздеу жарияланды

11.11.2026 15:11

Ол 414 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды және салық төлеуден жалтарды деген күдікке ілінген

«Қызыл-Жар» футбол клубының экс-президенті Григорий Лорияға мемлекетаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол 414 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды және салық төлеуден жалтарды деген күдікке ілінген.

Тергеу мәліметінше, күдікті бас бухгалтермен және өзге де тұлғалармен алдын ала сөз байласып, жалған құжаттар арқылы қаражатты жеке шоттарға аударуды ұйымдастырған.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, 2023 жылы клубты қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 1,7 миллиард теңге бөлінген.

Оқи отырыңыз: Система: Жамбыл облысындағы оқушылардың өліміне қатысты тергеу аяқталды

Толық көрсету