Көбелектің жаңа түрі әзірге Шығыс Қазақстандағы Арқалы тауларынан ғана белгілі
Қазақстандық ғалымдар ғылымға бұрын белгісіз болған көбелектің жаңа түрін сипаттады. Оған көрнекті ғалым Манаш Қозыбаевтың құрметіне Scythobrya kozybayevi деген атау берілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті хабарлады.
Жаңа түрдің ғылыми сипаттамасы 2026 жылғы 12 қарашада Entomological Studies журналында жарияланды. Оны сипаттаған ғалымдардың бірі – Зоология институты энтомология зертханасының жетекші ғылыми қызметкері Сергей Титов.
Scythobrya kozybayevi – түн көбелектерінің қатарына жататын жәндік. Әзірге бұл түр Шығыс Қазақстандағы Арқалы тауларынан ғана белгілі.
Түн көбелектері экожүйеде маңызды рөл атқарады және табиғи тепе-теңдікті сақтауға қатысады. Жаңа түрдің ғылыми сипатталуы Қазақстанның биоалуантүрлілігін зерттеу бағытындағы жаңалықтардың бірі саналады.
Оқи отырыңыз: Ботулизмнің алдын алу үшін қандай сақтық шараларын сақтау керек