Маңғыстауда үш жұп егіз дүниеге келді

15.11.2026 17:54

Осылайша, екі күнде перинаталдық орталық тарихында үш жұп егіз дүние есігін ашты

facebook.com/cok.mangystau

Маңғыстау облыстық Ана мен бала перинаталдық орталығында екі күн ішінде үш жұп егіз дүниеге келді. Нәрестелердің екеуі – ұл мен қыз, ал бір жұбы – екі ұл, деп хабарлайды Almaty.tv облыстық Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап. 

Ана мен бала перинаталдық орталығының мәліметінше, алғашқы егіздер 2026 жылғы 13 қарашада сағат 14:00 және 14:09-да өмірге келді. Отбасында салмағы 2740 грамм, бойы 51 см ұл бала және салмағы 2830 грамм, бойы 52 см қыз бала дүниеге келді.

Сол күні кешкі сағат 17:16 және 17:33-те тағы бір жұп егіз туды. Бұл жолы ата-анасы қос ұлды болды. Нәрестелердің салмағы 2430 және 2290 грамм, бойлары 46 см.

Ал 14 қарашада сағат 11:58-де салмағы 3080 грамм, бойы 51 см ұл бала, ал сағат 12:15-те салмағы 2960 грамм, бойы 52 см қыз бала дүниеге келді.

Кішкентай ханзадалар мен ханшайымдардың есімдері әзірге толық анықталған жоқ. Тек бір ұл мен қыздың ата-анасы оларға Әнуар және Ақнұр есімдерін берген.

Осылайша, екі күнде перинаталдық орталық тарихында алты сәби өмірге келіп, үш отбасы егіздердің ата-анасы атанды.

Оқи отырыңыз: Ботулизмнің алдын алу үшін қандай сақтық шараларын сақтау керек

Толық көрсету