Дәліздегі кептеліс: Астанада мектеп директоры жұмыстан босатылды

08.10.2026 19:29

Білім басқармасының мәліметінше, сабақ кестесінің дұрыс құрылмаған

Астанада оқушылары киім ілетін бөлменің алдында кептеліп қалған мектептің директоры қызметінен босатылды,  деп хабарлайды Almaty.tv.

Желіде сырт киімін алуға асыққан балалардың дәлізге сыймай қысылып, шулап жатқан видеосы тараған. Бейнежазбадан олар бір-бірін таптап кете жаздағанын байқауға болады. Оқиға бас қаладағы №99 мектепте болған.

Білім басқармасының мәліметінше, бұл жағдайға сабақ кестесінің дұрыс құрылмауы себеп болыпты. Жеті сыныптың сабағы бір уақытта аяқталып, салдарынан оқушылар гардеробқа бір мезетте барған. Сондай-ақ басқарма балалардың есінен танып қалғаны жөніндегі ақпаратты жоққа шығарды.

«Қазіргі таңда мектепте кезекшілік шаралары күшейтілді және де оқушылардың қауіпсіз қозғалысына байланысты қосымша шаралар қабылданды. Оқиғаға байланысты мектеп басшысы атқарып отырған қызметінен босатылды», – деді Білім басқармасының баспасөз хатшысы Аяжан Амантайқызы.

Оқи отырыңыз: Елордада жол апаты көбейді: полиция қауіпсіздіктің жаңа тәсілдерін қарастыруда

Толық көрсету