Газ жарылып, бір адам қаза тапты: оқиға орнында жедел штаб құрылды

02.06.2025 20:42

Оқыс оқиға түс уақытында Биянху көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйде тіркелген

Алматының «Шапағат» шағынауданында газ жарылып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқыс оқиға түс уақытында Биянху көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйде тіркелген. Үйінділерді аршу барысында құтқарушылар 76 жастағы ер адамның денесін тапқан. Қазір оқиға орнында жедел штаб құрылып, құтқару қызметтері мен арнайы мамандар жұмыс істеп жатыр. Жарылыстың нақты себебі арнайы сараптама нәтижесінде анықталады.

«Газ-ауа қоспасының жарылғаны салдарынан жекеменшік тұрғын үйдің қирағаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына бірінші болып жеткен құтқарушылар үйдің толық бүлінгенін анықтады. Жанындағы ғимараттар да зақымданған. Барлау кезінде үйінді астында адамның қалғаны белгілі болды. Тұрғын үй 1980 жылы салынған. Қауіпсіздік үшін бір көшеде газ беру уақытша тоқтатылды. Қазір құтқарушылар үйіндіні аршып, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр», – деді ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Денис Ярцев.

Оқи отырыңыз: Тоққа түсіп, көз жұмды: жазғы демалыста ажал құшқан жеткіншектің туыстары әділдік іздейді