Келушілер қан қысымын өлшетіп, кардиолог дәрігердің кеңесін алды
Алматыда Дүниежүзілік артериялық гипертониямен күрес күніне арналған ақпараттық-профилактикалық акция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қалалық кардиологиялық орталығының ұйымдастыруымен өткен іс-шара жүрек-қан тамырлары ауруларынын болдырмауға бағытталған. Келушілер қан қысымын өлшетіп, кардиолог дәрігердің кеңесін алды. Сонымен қатар салауатты өмір салтын ұстану бойынша ақпараттық парақшалар таратылды.
«Қалалық кардиологиялық орталық жоғары санатты мамандары әр қала тұрғынына артериялық қан қысымын дұрыс қадағалап отыруды, сонымен қатар қалай салауатты өмір салтын жүргізуді үйретеді», – деді қалалық кардиологиялық орталығы бөлімінің меңгерушісі Несібелі Орысәлиева.
Оқи отырыңыз: Алматыда 19-25 мамыр аралығында ауа райы қандай болады