Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу талаптары өзгерді ме

Бағдарлама аясында 400 жас маман резервке қабылданған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу биыл 4-мәрте өткізіледі. Бұл туралы еліміздің Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы қаласы департаментінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мамандардың сөзінше, үміткерлерге қойылатын талап биыл өзгерісген жоқ.  Жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі мен 5 жыл жұмыс тәжірибесі бар, мемлекеттік тілді жетік меңгерген ҚР азаматы қатыса алады. Ал 6 кезеңнен тұратын кешенді іріктеуге құжаттарды қабылдау 1 маусымда басталып, ай соңына дейін жалғаспақ.

Атап өтейік, бағдарлама аясында 400 жас маман резервке қабылданған. Қазір олардың 80 пайызы мемлекетте қызмет етеді.

«Төртінші іріктеудің ерекшелігі – әрбір бағыт бойынша кандидаттардың біркелкі санын қамтамасыз ету масқатында әр кезеңде пропорционалды іріктеу өткізу, яғни, резервтің сол салалық бағыт бойынша ғана жүргізілетін болады. Резервке үздік 50 кандидатты қабылдау үшін ұлттық комиссия отырысының 25 қазанға дейін өткізіп, қазанның соңына шешім шығару жоспарлануда», – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті басшысының міндетін атқарушы Мақсат Жаңбыршиев.

Оқи отырыңыз: ҰБТ: елімізде 4,5 мыңнан астам оқушы тест тапсырды

 

 

Новости партнеров