Грант иегерлері анықталды: ең сұранысқа ие мамандықтар қандай

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Конкурсқа 127 мыңға жуық өтініш қабылданды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаңа оқу жылына бөлінген гранттар мен квоталар туралы ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Жанна Есинбаева тоқталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚР ҒжЖБМ-не сілтеме жасап.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы еңбек нарығының білікті кадрларға қажеттілігіне сәйкес қалыптастырылады. Биыл гранттардың 60%-ы инженерлік-техникалық, 20%-ы педагогикалық, ал 20%-ы басқа бағыттарға бөлінді.

2026-2027 оқу жылына бакалавриат бағдарламалары бойынша шамамен 75 мың білім беру гранты қарастырылды. Конкурсқа 127 мыңға жуық өтініш қабылданып, гранттар ҰБТ нәтижелері, талапкерлердің таңдауы және заңнамада белгіленген квоталар ескеріле отырып тағайындалды.

Талапкерлер арасында «Аударма ісі», «Халықаралық қатынастар», «Құқық», «Психология», «Қаржы» және педагогикалық бағыттар жоғары сұранысқа ие болды. Конкурс қорытындылары Республикалық конкурстық комиссия отырысында бекітіліп, нәтижелері ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің, министрліктің ресми ақпараттық ресурсында жарияланады.

Оқи отырыңыз: Ұлттық ұланының әскери бөлімдерінде 40-қа жуық егіз жұп қызмет етіп жүр