Грек жаңғағы қандай жағдайда зиянды болуы мүмкін

01.12.2025 14:14

Жаңғақты көп мөлшерде жеу асқазанда және ішекте дискомфорт тудыруы мүмкін

Depositphotos.com

Грек жаңғағын шамадан тыс жеу салмақ қосуға және семіздікке әкелуі мүмкін, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Диетологтарың айтуынша, грек жаңғағы өте калориялы өнім: 100 грамм жаңғақта шамамен 700 ккал бар. Сондықтан күніне 3–5 жаңғақтан артық тұтынбау ұсынылады.

Жаңғақты көп мөлшерде жеу асқазанда және ішекте дискомфорт тудыруы мүмкін. Сондай-ақ ол аллергендердің бірі болып саналады, әсіресе балаларда аллергиялық реакциялар жиі байқалады.

Кімдерге абай болу керек:

  • артық салмағы немесе семіздігі бар адамдарға;
  • асқазан-ішек жолы аурулары барларға (гастрит, панкреатит);
  • жаңғаққа аллергиясы барларға (толық бас тарту қажет).

Сонымен қатар грек жаңғағының пайдасы да зор. Бұл өнім Омега-3 және Омега-6, В тобының дәрумендері, магний, мырыш, селен және Е витаминіне бай.

Пайдалы әсерлері:

  • «Жаман» холестеринді төмендетеді;
  • Қан тамырларының жағдайын жақсартады, гипертонияда көмектеседі;
  • Ми қызметін қолдайды, есте сақтау мен зейінді жақсартады;
  • Ас қорытуға пайдалы және гормоналды тепе-теңдікке ықпал етеді.

Дереккөз: РИА Новости

Оқи отырыңыз: Қандай балалар онлайн-ойынға тез тәуелді болып қалады