Қандай балалар онлайн-ойынға тез тәуелді болады

Мира Байбек
Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Психиатрлар ата-аналарға гаджет қолдану уақытын алдын ала анықтап қоюды ұсынады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Психиатр-дәрігерлер қалаған нәрсесіне жылдам қол жеткізгісі келетін шыдамсыз балалар онлайн-ойындарға тез тәуелді болып қалуы мүмкін екенін айтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Мамандардың айтуынша, кей жағдайда балалар онлайн-ойын арқылы жаңа достар тауып, олармен шынайы өмірде де араласуы мүмкін. Мұндайда алаңдаудың қажеті жоқ. Қауіп тудыратын белгі - баланың бос уақытын түгелдей ойынға арнап, ұйқыны, оқуды және әлеуметтік қарым-қатынасты ұмытуы.

Психиатрлар ата-аналарға гаджет қолдану уақытын алдын ала анықтап қоюды ұсынады. Егер 10-12 жас шамасындағы жасөспірім белгіленген лимит біткен соң да телефонда отыруды талап етсе, ата-ана бұрын келісілген ережелерді сақтау қажеттігін қатаң әрі тұрақты түрде түсіндіріп отыруы керек.

Ойынға тәуелді балалар тез ашуланшақ, тітіркенгіш және агрессивті бола бастайды. Олардың көңіл күйі көбіне тек ойын кезінде жақсарады.

Сонымен қатар психолог мамандар да жасөспірімдер арасында қауіпті тенденция «цифрлық селфхарм» көбейіп келе жатқанын айтады. Бұл жағдайда балалар әдейі өз беделіне зиян келтіретін қорқынышты немесе ұятты контентті түсіріп, желіге жүктейді.

Оларға құсу, тыйым салынған заттарды қолдану, өзіне жарақат келтіру немесе әдейі оғаш әрекеттер көрсету сияқты видеолар жатады. Психологтың айтуынша, мұндай контенттің салдары уақыт өте ауыр психологиялық және әлеуметтік зардаптарға әкелуі мүмкін.

Дереккөз: radio1.ru

Оқи отырыңыз: Ішек микрофлорасына қандай тағамдар пайдалы

Новости партнеров