Гүлденген мегаполис: Алматыда жас суретшілердің көрмесі өтті

Қатысушылар туындыларында шаһардың көрікті орындары мен ерекше келбетін бейнелеген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жас суретшілердің үздік жұмыстары ұсынылған «Гүлденген мегаполис» атты қалалық сурет көрмесі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Байқауға 109 жұмыс қабылданып, 70-і іріктеуден өткен. Қатысушылар туындыларында шаһардың көрікті орындары мен ерекше келбетін бейнелеген. Көрме аясында үздік авторлар марапатталып, барлық қатысушыға диплом табысталды. Іс-шараға белгілі актриса София Магариллдің немересі Ариэль Борщевский және оның отбасы қатысып, жас таланттарға қолдау білдірді. Аталған жоба биыл алғаш рет ұйымдастырылған.  

Ұйымдастырушылардың  айтуынша, мұндай бастамалар балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді және алдағы уақытта да жалғасын табады.

«Қатысушылардың өтініштері, сұраныстарына қарағанда алдағы уақытта да, келесі жылға да жоспарлы түрде «Гүлденген мегаполис» жобасын жалғастырамыз деген ойдамыз. Өйткені байқау балалардың шығармашылық деңгейін көтереді. Қала деген сүйіспеншілігін қалыптастыратын жоба», – деді Алматы қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директорының орынбасары Ләззат Спатаева.

Оқи отырыңыз: Бірлік – Қазақстанның басты байлығы - Евгений Кравчук

Новости партнеров