Бірлік – Қазақстанның басты байлығы - Евгений Кравчук

Достық пен ынтымақты дәріптейтін мереке жастарды бірлікке әрі отансүйгіштікке тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады дейді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Әр этнос өз мәдениеті мен дәстүрін сақтай отырып, ел дамуына үлес қосып отыр. Бұл – елдегі бейбітшілік пен өзара құрметтің нақты көрінісі». Ассамблея жастарының мүшесі Евгений Кравчук Бірлік күні қарсыңында осындай пікір айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сөзінше, бұл ұстаным татулық пен келісімнің басты негізін айқындайды. Достық пен ынтымақты дәріптейтін мереке жастарды бірлікке әрі отансүйгіштікке тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады дейді.

«Бірлік – Қазақстанның басты байлығы. Өйткені бірлікте күшіміз дейді. Көп ұлт өкілдері тұратындықтан этникалық мемлекет тек Қазақстанда бар. Басқа елдерде ассамблея секілді ұйым жоқ. Бұл – өте маңызды мереке», – деді Жамбыл облысы бойынша «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасының орынбасары Евгений Кравчук.

Оқи отырыңыз: Бір шаңырақ астында: ел дамуына үлес қосып жүрген этнос өкілдерінің жетістіктері қандай

Новости партнеров