Игі бастама: Ақтөбеде кәсіпкердің демеушілігімен жаңа спорт кешені бой көтерді

Almaty.tv
Almaty.tv

жоба аясында бүлдіршіндер үшін балалар алаңы мен воркаут аймағы салынды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбелік кәсіпкер өзі тұратын шағынаудан тұрғындарына үлкен сый жасады. Бизнес иесі өз қаражатына бұқаралық спорт түрлерімен айналысуға арналған тұтас спорт кешенін салып берген, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

«Жаңақоныс-2» тұрғын алабында балалар мен ересектер футбол және волейбол ойнайтын алаңдарда уақытын тиімді өткізе алады. Игі бастаманы әкесіне кәсіпкердің балалары ұсынған. Бұған дейін аталған шағынауданда спортпен шұғылдану үшін арнайы жабдықталған аймақ болмаған. Сондай-ақ жоба аясында бүлдіршіндер үшін балалар алаңы мен воркаут аймағы да бой көтеріпті.

«Өіміз де жасадық, бәрі қолдан жасалды. Сапалы сырғанақ алдық. Көршілерге алғыс айтамын. Олар да көмектесіп, сырлады», – деді кәсіпкер Асхат Дүйсенғалиев.¤

Жергілікті билік «Асхат Дүйсенғалиевтің бұл игі ісін басқа кәсіпкерлерге үлгі ретінде көрсетіп отыр. Егер бұрын мұндай нысандар бюджет қаражаты есебінен салынатын болса, енді бастамаға бейжай қарамайтын басқа да азаматтар қосылып жатыр» дейді. 

«Тұрғындар балалар үшін, олардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін осындай нысан салуға ниет білдіргені қуантады. Бастамаға басқа да демеушілер қызығушылық танытып отыр. Олар дәл осындай аймақтар салуға ниетті. Қазір келіссөздер жүргізіліп жатыр», – деді Астана ауданының әкімі Баянбек Қырықбаев.

Оқи отырыңыз: Ақтөбеде биыл қызметтік иттердің көмегімен 160-тан аса қылмыс ашылды