Баспананы жекешелендіру шарттары жеңілдетілді: 28 тамыздан бастап қандай өзгерістер күшіне енеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы баспананы жекешелендіру тәртібі өзгереді. Енді азамат Қазақстан аумағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан бір ғана баспананы жекешелендіре алады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі. 

Десе де бұл бұрын купондық тетік арқылы тұрғын үй жекешелендіргендер мен бұрынғы баспанада 50 пайызға дейін үлесі болған азаматтарға қайта қатысуға кедергі болмайды. Сонымен қатар бөліп төлеу талаптары да жеңілдетілді. Жаңа тәртіп 28 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Осы өзгерістер жайлы толығырақ Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Тұрғын үй қатынастары басқармасының басшысы Әсем Әлжанова айтады.

– Әсем ханым, тұрғын үйді жекешелендіру тәртібінде нақты қандай өзгеріс енгізілді және бұған дейінгі талаптардан басты айырмашылығы неде?

«Бірнеше күн бұрын тұрғын үйді жекешелендірудің қағидаларына өзгерістер енгізілді. Енді 2024 жылдың 4 желтоқсанына дейін мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді алған азаматтар сол тұрып жатқан тұрғын үйді екінші рет жекешелендіруге құқығы бар. Бұның алдында азаматтар жекешелендіруді бір рет қана қолдана алатын. Енді өзгерістерге сәйкес, екінші рет тұрғын үйді жекешелендіруге құқығы бар. Жалпы жекешелендірудің талаптары, қағидалары және оның шарттары өзгерген жоқ. Сол болған шарттармен жекешелендіруге құқығы бар».

– Жаңа тәртіпке сәйкес, жекешелендіргісі келетін азаматтар енді не істеуі керек? Қайда барып, қандай құжат тапсыруы қажет?

«Иә, бұл жекешелендіру мемлекеттік қызметке жатады. Мемлекеттік қызметті азаматтар онлайн түрде және қағаз түрінде де ала алады. Егов порталы арқылы құжаттарын тапсырса да болады. Жекешелендіру бойынша шешімді әкімдіктер қабылдайды. Жекешелендіру 3 тетікпен жүргізіледі. Бірінші тетігі – толық қалдық құны бойынша  сатып алу, екінші тетік –  15 жылға дейін бөліп төлеу және үшінші тетік – ақысыз. Ақысыз жекешелендіруді тұрғын үй заңнамасында көрсетілген кейбір азаматтар ғана ала алады».

ОҚи отырыңыз: Алматыда Жандосов көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі