Қайғылы оқиға 17 қыркүйекте түнгі 00:30 шамасында тіркелген
Павлодар облысына кеше түнде балық аулауға барған екі ер адам көлігімен бірге суға батып кеткен, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Pavlodar-online порталының жазуынша, қайғылы оқиға 17 қыркүйекте түнгі 00:30 шамасында тіркелген.
Белгілі болғандай, жергілікті тұрғындар балық аулау мақсатымен Белая өзеніне барған. Алайда абайсызда ішінде адамдар отырған «Нива» көлігі суға түсіп кеткен.
– «112» қызметінің пультіне Ақсу қаласында Белая өзеніне ішінде екі ер адам отырған «Нива» көлігі абайсызда суға кеткені туралы хабар түсті, – деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар департаменті.
Іздестіру жұмыстарына Павлодардан жедел-құтқару жасағы барды. Таңғы 07:45-те құтқарушылар эхолоттың көмегімен көлікті тауып, 1960 және 1977 жылдары туған ер адамдардың денесін судан алып шықты.
ТЖД тұрғындарға су айдындарының маңында, әсіресе түнгі уақытта барынша сақтық таныту қажет екенін ескертеді.
Оқи отырыңыз: Әділет министрлігі алаяқтардың кезекті әрекеті туралы ескертті