Іздеуде жүрген қазақстандық әйел Түркияда ұсталды

Іздеуде жүрген қазақстандық әйел Түркияда ұсталды

Қазіргі уақытта әйел адам қамауға алынды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросы түрік әріптестерімен бірге аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуге жарияланған 42 жастағы әйелді Анталья қаласында ұстады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2009 жылы ол Ақтау қаласындағы банктердің бірінің директорының орынбасары бола отырып, жылжымайтын мүлік сатып алу үшін 200 мың АҚШ доллары мөлшерінде несие алу туралы өтінішпен қаржы ұйымына жүгінген.

«Ақшаны алу кезінде әйел қарыз алушының қолтаңбасын қолдан жасап, артынан жасырынған. Ұсталған адам Қазақстанға жеткізілді», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта әйел адам қамауға алынды.

Оқи отырыңыз: Түркияда өзбек қызына қышқыл шашып өлтірген ер адам қамауға алынды

Новости партнеров