Қайтарылған активтер: Арал ауданында жұқпалы аурулар бөлімшесі ашылды

Заманауи құрал-жабдықпен қамтылған нысан құрылысына 2,3 миллиард теңге қаржы жұмсалған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қызылорда облысы Арал ауданында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен жұқпалы аурулар бөлімшесі ашылды. Сондай-ақ дәл осы қаржыға аудандық көпбейінді орталық аурухананың жанынан қосымша ғимарат салынып, пайдалануға берілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жұқпалы аурулар бөлімшесі бір мезетте 25 науқасты қабылдай алады. Оларға ем-доммен бірге шұғыл жағдайларда ота жасауға да мүмкіндік бар. Ал осыған дейін инфекциялық ауруға шалдыққан азаматтар үшін кейбір қызмет түрі қолжетімсіз болатын. Тұрғындар «ескі ғимарат талаптарға сәйкес келмеген соң амалсыз облыс орталығына сабылатын едік» дейді.

«Бұрынғы көне аурухана жатуға мүмкіндік жоқ. Кезекті көп күтетін едік. Қан қысымы жоғары, 25, диабетпен 15 жылдан бері есепте тұрамын. 2026 жыл Арал ауданында керемет жыл болды. Жаңа ғимаратқа кіріп жатырмыз. Ғимарат іші жарық, ауруларға ыңғайлы», – деді Сексеуіл кентінің тұрғыны Жәнзия Оралбаева.

Заманауи құрал-жабдықпен қамтылған нысан құрылысына 2,3 миллиард теңге қаржы жұмсалған. Жалпы соңғы 3 жылда теңізді өлке тұрғындарының денсаулығын нығайту үшін медицина саласына 9 млрд теңге қаржы бөлініпті.

«25 төсектік Арал аудандық инфекциялық бөлімшесі барлық заманауи талаптарға сәйкес. Өзінің диагностикалық бөлімі бар, операция жасайтын бөлімшесі және 19 миксерлік дейміз, арнайы бокстары бар. Арал тұрғындарына тиісті медициналық көмектің қолжетімділігін арттыратыны сөзсіз», – деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Ысқақов 

Мұнан өзге «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2,1 миллиард теңгеге ауруханаға жапсарлас жаңа ғимарат салынып, жұмысын бастады. Бұл да қайтарылған қаржы есебінен бой көтерген. Екі қабатты нысанда 17 төсектік нейро-инсульт және 34 төсектік кардиология бөлімшелері жұмыс істейді. Мұнда сапалы медициналық қызмет көрсетуге керектінің барлығы қамтылған. Енді тек мамандардың міндетін мүлтіксіз атқаруы медицинаның мүмкіндігін кеңейте түспек.

Асқар Сәрсенұлы, Төрехан Әділбекұлы, Қызылорда облысы

Оқи отырыңыз: Қолайсыз ауа райы: елімізде 2 өңірде көлік қозғалысы шектелді

Новости партнеров