Түркістан облысында ішімдіксіз ауылдар саны 70-ке жуықтаған

Almaty.tv
Almaty.tv

Отбасылық береке мен тыныштықты нығайту — ауыл тұрғындарының басты ұстанымына айналған
 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысында "Ішімдіксіз ауыл" бастамасы аясында алкоголь өнімдері мүлдем сатылмайтын ауылдар саны жыл сайын артып келеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Былтырдың өзінде ішімдіксіз ауылдар саны 30-ға жеткен. Оның ішінде, Ордабасы мен Мақтарал аудандарынан 5 ауыл, Келес ауданында – 4, Сайрам ауданында – 3, Қазығұрт, Төлеби және Сауран аудандарында – 2, Отырар, Жетісай және Арыс аудандарында түгелдей бір ауыл тұрғындары спирттік ішімдіктерді сатудан бас тартқан.

Ал, биыл ішімдіксіз ауылдар саны 66-ға жектен. Солардың бірі - Түлкібас ауданындағы Еңбек ауылы. Жалпы 131 үйі, 1 мыңнан аса тұрғыны бар елді мекенде соңғы 3 жылда алкоголь өнімдері мүлдем сатылмайды, ал соңғы 2 жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Отбасылық береке мен тыныштықты нығайту — ауыл тұрғындарының басты ұстанымына айналған.

Түркістан облысында мектептерде, мешіттер мен мәдениет үйлерінде «Салауатты өмір – жарқын болашақ кепілі» атты кездесулер өткізіліп, жастарға алкогольдің зияны жан-жақты түсіндірілуде. Бүгінде ауыл тұрғындары той-мерекелерді де ішімдіксіз өткізуді дәстүрге айналдырып, қоғамға үлгі боларлық орта қалыптастырған.

Оқи отырыңыз: Жер сілкінісі кезінде қандай басты ережелерді есте сақтау керек

Новости партнеров