Шу және Мойынқұм аудандарының 800 мыңнан астам тұрғыны енді көмір тасып, күл шығармайды
Олигархтар мен жемқорлардан қайтарылған 2,9 миллиард теңге Жамбыл облысының ауылдарын көгілдір отынмен қамтуға бөлінді. Бұл қаржыға «Шу» автоматтандырылған газ тарату стансасы бой көтереді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Нәтижесінде Шу және Мойынқұм аудандарының 800 мыңнан астам тұрғыны енді көмір тасып, күл шығармайды. Қазіргі кезде аталған өңірлердің 41 ауылы 100 шақырым қашықтықтағы «Қордай» стансасынан газ алып отырғандықтан, нысанның жүктемесі артқан. Салдарынан Шу қаласының орталық қазандығы мен кейбір тұтынушыларға газ беруге шектеулер қойылған. Ал жаңа жоба жылыту маусымында көгілдір отын тапшылығын шешуге мүмкіндік береді.
«Жаңа «Шу» газ тарату стансасын іске қосу газбен жабдықтау жүйесінің сенімділігі мен тұрақтылығын едәуір арттырып, 83 мыңға жуық тұрғыны бар Шу және Мойынқұм аудандарының тұрғындарын ұздіксіз табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар жобаны іске асыру жаңа тұтынушыларды қосуға арналған қуат резервін қалыптастырып, елдімекендерді одан әрі газдандыруға ықпал етеді», – деді ҚР Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев.
Оқи отырыңыз: МӘМС ақшасы қалай ұрланды: емханалардың заңсыз схемасы әшкере болды