«Қамқор» әлеуметтік үйінде Наурыз мерамын атап өтті

13.04.2026 17:22

Орталықта 150-ге жуық қария тұрып жатыр

Алматының «Қамқор» әлеуметтік үйінде «Наурыз – мейірім мен келісім мекені» атты мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұлттық нақышпен безендірілген алаңда мың бұралған бишілер көрерменнің көңіл-күйін сергітті. Сондай-ақ халқымыздың салт-дәстүрі де кеңінен дәріптелді.

Айта кетейік, бүгінде бұл әлеуметтік үйде 150-ге жуық қария тұрып жатыр.

«Бұл үй – ерекше. Біз мұнда тату-тәтті, бақытты өмір сүріп жатырмыз. 80 жастан асқан қарттар көп. Бәрі сергек, белсенді. Қамқорлық танытқан барша азаматтарға алғыс айтамыз. Наурыз мейрамы құтты болсын!», – деді «Қамқор» әлеуметтік үйінің тұрғыны Зульфира Тенчерова.

Оқи отырыңыз: Синоптиктер 16 өңірде дауылды ескерту жариялады