Елімізде алдағы күндері күн суытады
Елімізде алдағы күндері күн суытады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бүгін СҚО-да жаңбыр жауып, қар түседі. Көктайғақ болады. Ауа температурасы нөлден төмендейді. Сондай-ақ синоптиктер 16 өңірде дауылды ескерту жариялады. Бірқатар аймақта толассыз жауын-шашын болып, найзағай ойнап, тұман түседі. Ал, өзге облыстарда екпінді жел соғып, кей жерлерде бұршақ пен шаңды дауыл тұрады деп болжанып отыр.
«Күшті жаңбыр, бұршақ және екпінді жел батыс өңірерде бүкіл кезең бойы, 16 сәуірде оңтүстікте, 15-16 сәуірде солтүстікте және орталықта күтіледі. 14 сәуірге қараған түні шығыста қатты-жауын шашын жаңбыр мен қар жаууы мүмкін.Қазақстан бойынша тұман түсіп, желдің күшейеді. Ауа температурасы еліміздің батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде төмендейді», – деді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Аружан Мұратова
Оқи отырыңыз: Алматыда жылыту маусымы қорытындыланып, алдағы кезеңнің басым бағыттары белгіленді