Полицейлер жедел іздестіру кезінде 35 пен 39 жас аралығындағы үш ер адамды ұстады
Қарағанды облысында пәтер тонаған қылмыстық топ қолға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Полицейлер жедел іздестіру кезінде 35 пен 39 жас аралығындағы үш ер адамды ұстады. Ұрылар Лобода көшесіндегі тұрғын үйлердің біріндегі металл қоршауды күштеп бұзған. Артынша пластик терезені сындырып, үйге басып кірген. Олар алтын бұйымдар мен гауһар тастары бар әшекейлерді, күзен тон мен ноутбукты жымқырған. Жәбірленушіге келтірілген жалпы материалдық шығын 20 миллион теңгеден асады. Тергеу барысында күдіктілердің өзара сөз байласып, қылмыстық схемаларға сай тонағаны анықталды.
«Аса ірі көлемдегі ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта жан-жақты тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер олардың өңір аумағында тіркелген өзге де ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр», – деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.
Оқи отырыңыз: Рамазан: Жақсылық – адамдық өлшемі