Пилоттық жоба аясында жалпы 90-ға жуық адам жұмыспен қамтылды
Қарағанды облысында сотталғандарды еңбек арқылы қайта әлеуметтендіруге бағытталған жоба жүзеге асырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Игі бастамаға жеңіл және орташа ауырлықтағы қылмыс жасағандар қатыса алады. Ал Теміртаудағы өнеркәсіптік комбинаттың түрлі қосалқы жұмыстарына 50 адам еңбекке тартылды.Тұрақты табыс пен ыңғайлы жұмыс кестесі жазасын өтеушілерді түзету мекемелерінен тыс өмір жағдайларына бейімдейді. Тағы бір тиімділігі - жатын орын мен тамақтандыру жұмыс берушілер тарапынан қарастырылған. Пилоттық жоба аясында жалпы 90-ға жуық адам жұмыспен қамтылды. Тың жоба Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, өңір прокуратурасы мен Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен іске асырылды.
«Осы проектінің арқасында өмірге деген көзқарасымыз мүлдем басқа болды. Барлығы ұнап жатыр. Тұратын жеріміз өте жылы, ыңғайлы. Үш рет тамақтандырады. Ол жағынан бәрі жақсы. Бос уақытымызда спорт залға барамыз, футбол ойнаймыз», деді жазасын өтеуші Асылжан Ерзатов.
Оқи отырыңыз: Көшелер ойылып, шұрқ тесікке айналды: ШҚО-да қыстан кейін жолдардың жағдайы күрт нашарлап кеткен