Қауіпсіз әрі қызықты: Алматыда мектептердің бірінде жазғы лагерь ашылды

Бағдарлама аясында шығармашылық, танымдық және спорттық іс-шаралар өткізіледі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматыдағы №45 жалпы білім беретін мектепте жазғы лагерьдің салтанатты ашылуы өтті,  деп хабарлайды Аlmaty.tv.

мұнда 140-тан астам оқушының демалысын қауіпсіз әрі мазмұнды ұйымдастыруға басымдық берілген. Бағдарлама аясында шығармашылық, танымдық және спорттық іс-шаралар өткізіледі. Сондай-ақ ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін де қолайлы орта қалыптастырылған. Ашылу салтанаты мерекелік концертпен және түрлі ойын-сауық бағдарламасымен жалғасты.

«Лагерьде балалардың қауіпсіздігіне, жан-жақсы дамуына және де қызықты, пайдалы уақыт өткізуіне барлық жағдай жасалған. Биыл ата-аналардың өтініш негізінде ерекше білім беру қажеттілігі бар бірнеше бала лагерьге қабылданды. Біз барлық балаға тең мүмкіндік беріп, олардың дамуына қолдау көрсету – басты міндетіміз», – деді № 45 жалпы білім беретін мектептің директоры Құралай Несіпбекқызы.

Оқи отырыңыз:  Ұлттық қор – балаларға: Үкімет бағдарламаның 3 жылдағы нәтижесін жариялады

Новости партнеров