Ұлттық қор – балаларға: Үкімет бағдарламаның 3 жылдағы нәтижесін жариялады

Жобасы аясында 297 мыңнан астам өтінім мақұлданған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында 297 мыңнан астам өтінім мақұлданған. Өтініш білдіргендердің 187 мыңнан астамы тұрғын үй жағдайын жақсартуға ниеттенсе, білім алуға 110 мыңнан астам жеткіншек құлшыныс танытқан, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Үкімет бағдарламаның 3 жылдағы нәтижесін жариялады. Осы аралықта жасөспірімдерге 2,3 миллиард доллар бөлінген. Оның ішінде кәмелетке толғандардың шотына 238,5 миллион доллардан астам қаражат аударылған. Бағдарламаға алғашқы жылы қатысқандардың шотына 100,52 доллардан түссе, биыл әр балаға 130,71 доллардан есептелген.

Айта кетейік, жоба 2024 жылы іске қосылған. Оған сай Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалардың арнайы шотына аударылып отырады. Кәмелет жасына толғаннан кейін жинақталған соманы тұрғын үй сатып алуға немесе білім алуға жұмсауға болады.

«Елімізде шамамен 7 миллион бала бар. Ол халықтың 34 пайызын құрайды. Соңғы 10 жылда балалар санының 1,5 жарым миллионға өсуі осы бағыттағы жұмыстың маңызын одан әрі арттыра түсті. Қазіргі таңда балалардың құқығын қорғауға бағытталған 10 заң қабылданды. Балаларға қатысты қылмыс үшін жаза күшейтілді», – деді ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова.

Оқи отырыңыз: Іздеуде жүрген қылмыскер Ресейден елге экстрадицияланды

 

 

 

Новости партнеров