Қауіпсіз үй: 7 мыңнан астам шетел азаматы әкімшілік жазаға тартылды

27.10.2026 15:11

Тәртіп сақшылары ел бойынша 249 мыңға тарта тұрғын үйді тексеріп, тіркеусіз тұрған 9 мыңға жуық істі анықтады

Елімізде «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр. Тәртіп сақшылары ел бойынша 249 мыңға тарта тұрғын үйді тексеріп, тіркеусіз тұрған 9 мыңға жуық істі анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

7 мыңнан астам шетел азаматы әкімшілік жазаға тартылып, тұрғылықты жері белгісіз 2 мың 128 адам полиция органдарына жеткізілді. Сонымен қатар пәтер ұрлығы мен интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында да жұмыстар атқарылды. Осы мақсатта тұрғындарға 223 мыңнан көп ақпараттық жадынама таратылған. Бұдан бөлек, ел бойынша 8 мыңнан астам кездесу ұйымдастырылып, оған 160 мыңға жуық азамат қатысқан. Тұрғындар арнайы QR-кодтар мен чаттар арқылы полицияға 2,5 мыңнан астам өтініш пен ұсыныс жолдапты. Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі де назардан тыс қалған жоқ. 

«Рейд кезінде түнгі уақытта жалғыз жүрген жасөспірімдерге қатысты 3 мың 883 дерек тіркелген. Оның 396-сы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына орналастырылды. Профилактикалық іс-шара 5 қарашаға дейін жалғасады. Соған сәйкес, азаматтардан тәртіп сақтап, заңға бағынуды сұраймы», – деді ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Шұғыла Тұрлыбек.

Оқи отырыңыз: Алматыда биыл 21,7 мыңнан астам жас жұмысқа орналасты

 

 

 

 

 

Толық көрсету