Қазақстан азаматтығынан шығу көрсеткіші төмендеді

Қазақстан паспорты шетелге сапарлау мүмкіндігі бойынша Орталық Азияда көш бастап тұр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан азаматтығынан шығуға берілген өтініштер саны 40 есеге азайған. Ақорданың мәліметінше, азаматтықтан шығуға 2019 жылы 1700 өтініш тіркелсе, биыл бар болғаны 43 өтініш түскен, деп хабарлайды Almaty.tv

Ал Қазақстан паспорты шетелге сапарлау мүмкіндігі бойынша Орталық Азияда көш бастап тұр.

Henley Passport Index халықаралық рейтингінде еліміз 66- орынға жайғасқан. Отандастырымызға алдын ала виза рәсімдемей баруға болатын 77 бағыт қолжетімді. Мәселен, Қырғызстан азаматтары осындай тәртіппен 59, ал Өзбекстан азаматтары 57 бағытқа саяхаттай алады. Осы көрсеткіш бойынша Қазақстан көрші 2 елден тиісінше 18 және 20 бағытқа алда көрінеді.

Оқи отырыңыз: Цифрландыру және ЖИ: Қазақстан статистикасы қалай өзгеріп жатыр