Қазақстан колледждерінің үздік 100 студенті анықталды

ҚР Оқу-ағарту министрлігі
ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Конкурсқа 5 мыңнан астам студент өтінім берді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға және техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. Осы бағыттағы жұмыстар аясында елімізде «Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті» республикалық конкурсының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, байқау нәтижесінде кәсіби шеберлігімен, көшбасшылық қабілетімен және инновациялық жобаларымен ерекшеленген 100 студент үздік деп танылды.

Конкурсқа еліміздің барлық өңірінен 400 колледждің 5 мыңнан астам студенті өтінім берді. Байқау үш кезеңде, яғни колледжішілік, өңірлік және республикалық деңгейде өтті.

Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырған конкурстың басты мақсаты - талантты жастарды қолдау, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және колледж студенттерінің жетістіктерін насихаттау. Байқауды өткізу жұмыстарын «Talap» КЕАҚ үйлестірді.

Жеңімпаздардың толық тізімімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Оқи отырыңыз: Президент Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасын қабылдады