Қазақстан Орталық Азиядағы суды ең үнемді тұтынатын ел атанды

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Қазақстанда бір адам тәулігіне шамамен 3 397 литр су пайдаланады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Орталық Азия елдері арасында Қазақстан жан басына шаққандағы су тұтыну көлемі бойынша ең үнемді мемлекет болып танылды. Бұл туралы Worldometer онлайн-сервисінің деректерінде айтылған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Іnform.kz-ке сілтеме жасап.

Зерттеу мәліметінше, Қазақстанда бір адам тәулігіне шамамен 3 397 литр су пайдаланады. Бұл – аймақтағы ең төмен көрсеткіш.

Салыстырмалы түрде алғанда, Қырғызстанда тәуліктік су тұтыну көлемі 4 153 литр болса, Тәжікстанда – 4 460 литр, Өзбекстанда – 4 778 литр. Ал Түрікменстан бұл көрсеткіш бойынша көш бастап тұр. Онда бір адам күніне 15 445 литрге дейін су тұтынады.

Worldometer дерегіне сәйкес, Түрікменстан тек Орталық Азияда ғана емес, әлем бойынша да су тұтыну көлемінен алдыңғы орында.

Сонымен қатар жан басына шаққандағы су тұтыну деңгейі ең жоғары елдердің қатарына Чили, Гайана, АҚШ, Иран, Эстония және Әзербайжан кірген.

Ал ең төмен су тұтыну көрсеткіші Африка елдерінде тіркелген. Мәселен, Конго Демократиялық Республикасында бір адам тәулігіне небәрі 32 литр су пайдаланады.

Оқи отырыңыз: Биыл қандай шағынаудандар су құбыры және кәріз желілеріне қосылады

Новости партнеров