Қазақстан Перумен қылмыскерлерді экстрадициялау келісімін мақұлдады

2025 жылға дейін Қазақстаннан Перуге мыңнан астам адам барған 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан мен Перу бір-біріне қылмыскерлерді экстрадициялайды. Сенат тиісті шартты ратификациялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, аталған елде жүрген небәрі төрт қазақстандық консулдық есепке тіркелген. Олардың арасында сотталғандар жоқ.

Ресми деректерге сәйкес, 2020 жылдан 2025 жылға дейін Қазақстаннан Перуге мыңнан астам адам барған. Ал Перуден елімізге 1027 адам келген. Олардың басым бөлігі саяхаттау, іскерлік мақсатта немесе жұмыс істеу үшін барған.

Қазіргі таңда Қазақстан Түркия, Испания, Бразилия, Сауд Арабиясы секілді бірқатар мемлекеттермен жиырмадан астам осындай келісім жасасқан.

«Консулдық есепке тұру міндетті рәсім болмағандықтан, Перуде жүрген Қазақстан азаматтарының саны төрт адамнан көп болуы мүмкін. Алайда олардың арасында қылмыстық жауапкершілікке тартылған азаматтар жоқ», – деді ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев.

Оқи отырыңыз: Алматыда есірткіге қарсы кеңес құрамы жаңарып, жаңа деңгейге көтерілді

Новости партнеров