Заң аясында қазақстандықтардың 17 млрд теңгеден астам айыппұлы кешіріледі
Президент жаңа Конституцияға байланысты рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.
Заңның толық мәтіні бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі және құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.
Оқи отырыңыз: Жаңа Конституция жеке бостандық пен әділ сот кепілдіктерін күшейтті - Бас прокуратура