Қазақстанда 2029 жылға дейін денсаулық саласын дамытудың жаңа тұжырымдамасы әзірленді

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Тұжырымдама кешенді жүйелі шараларды іске асыруды көздейді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаңа стратегиялық құжат қолжетімді медицинаны қамтамасыз етуге, өмір сүру ұзақтығын арттыруға және заманауи технологияларды енгізуге бағытталған. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі елдің Ұлттық даму жоспары мен Үкімет тапсырмаларын іске асыру шеңберінде 2029 жылға дейінгі денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасын әзірледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Министрлік мәліметінше, құжат азаматтардың қажеттіліктеріне бағдарланған, тұрақты әрі тиімді денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыруға бағытталған ұзақ мерзімді даму бағытын айқындайды. Бұл жүйе халықты толық қамтуды және сапалы медициналық қызметтерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Тұжырымдама кешенді жүйелі шараларды іске асыруды көздейді. Олардың қатарында интеграцияланған медициналық көмекті дамыту, жаңа буындағы цифрлық шешімдерді енгізу, кадрлық әлеуетті нығайту және медициналық ғылымды дамыту бар.

"Негізгі мақсат — 2029 жылға қарай күтілетін өмір сүру ұзақтығын 77 жасқа дейін арттыру, сондай-ақ жүрек-қан тамырлары, онкологиялық аурулар, қант диабеті және созылмалы респираторлық аурулар сияқты негізгі инфекциялық емес аурулардан болатын мерзімінен бұрын өлімді төмендету", - делінген ДСМ хабарламасында.

Құжат 9 стратегиялық бағытты қамтиды.

Олардың ішінде жаңа буындағы медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту, медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру, жоғары технологиялық және дербестендірілген медицинаны енгізу, дәрілік қамтамасыз етуді күшейту және отандық фармацевтикалық саланы дамыту бар.

Жалпы Тұжырымдаманың шеңберінде 168 іс-шара және нысаналы индикаторлар жүйесі көзделген. Олар республикалық және өңірлік деңгейде іске асырылатын болады.

Тұжырымдама жетекші сарапшылардың, ғылыми қауымдастықтың, медициналық жоғары оқу орындарының, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың, оның ішінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынык, ЮНИСЕФ және ЮНФПА-ның қатысуымен әзірленді.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Тұжырымдаманы іске асыру медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығын нығайтуға және халық денсаулығын одан әрі жақсартуға мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз: «Адал азамат» бағдарламасы: Қазақстан мектептерінде бірыңғай дизайн-коды енгізіліп жатыр

Новости партнеров