Нысандардың бір бөлігі бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Қазақстанда «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде жоспарланған 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанының құрылысы аяқталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі нен хабарлағандай, ұлттық жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылады және үш негізгі міндетті көздейді:
2023-2025 жылдарға арналған бірінші міндет шеңберінде медициналық пункттерді, фельдшерлік-акушерлік пункттерді және дәрігерлік амбулаторияларды қоса алғанда, 655 МСАК нысанын салу көзделген.
Бүгінгі таңда барлық нысанның құрылысы аяқталды. Жобаны іске асыру кезеңінде 2023 жылы 99 МСАК нысаны, 2024 жылы 361 нысан және ағымдағы жылы 195 нысан салынды. Жаңа ғимараттар ескірген инфрақұрылымды ауыстыруға, сондай-ақ денсаулық сақтаудың бастапқы буыны бұрын болмаған елдімекендерді медициналық нысандармен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Сонымен қатар ұлттық жобаның екінші міндеті шеңберінде 32 аудандық аурухананы көпбейінді аудандық орталық ауруханалар деңгейіне дейін жаңғырту жалғасуда.
«Нысандардың бір бөлігі бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды, қалғандары бойынша реконструкциялау, қосымша құрылыстар салу және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - делінген ведомство хабарламасында.
Осылайша, ауылдық жерлерде медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарының желісін құру бойынша «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының бірінші міндеті толық көлемде орындалды.
Оқи отырыңыз: Жаңа жыл мерекесі: Алматыда мәдени-ойын-сауық бағдарламалары жалғасады