Қазақстанда асыл тұқымды мал алуға субсидия нормативі ұлғайтылады

Almaty.tv
Almaty.tv

Ведомство таратқан ақпаратта еліміздегі ірі қара санына, ет өндіру көлеміне қаржы көлемі артатыны айтылған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда асыл тұқымды мал алуға субсидия нормативі ұлғайтылады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ведомство таратқан ақпаратта еліміздегі ірі қара санына, ет өндіру көлеміне және мал шаруашылығын субсидиялауға бөлінетін қаржы көлемі артатыны айтылған. Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша ірі қара саны 8 млн 500 мыңға жеткен. Оның ішінде сиыр  4 жарым млн. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 2,5 пайызға көп. Сәйкесінше, ет өндірісі өркендеп келеді. Тоғыз айдағы өсім 102,6 пайызды құраған немесе 816,3 мың тоннаға жеткен. Қаңтар-қыркүйек айларында ғана 282,3 мың тонна сиыр еті, 88,6 мың тонна қой еті, 115,4 мың тонна жылқы еті өндіріліпті.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сенсек, мал шаруашылығы саласын субсидиялауға қатысты бұйрық бұрынғы тәртіппен жүре береді. Тек асыл тұқымдыларды сатып алған кезде субсидия нормативі ұлғайтылып, қағидаларға өзгерістер енгізіліп жатыр. Қазір бұйрық жобасы Әділет министрлігінде қаралып жатыр.

Ал фермерлер субсидиялау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсынысын білдіретін болса, ол қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарастырылады.

Оқи отырыңыз: Павлодарда 200-ден астам ұрланған мал иелеріне қайтарылды

Новости партнеров