Құжатқа сәйкес, енді зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегін анықтау кезінде бірнеше негізгі көрсеткіш ескеріледі
Қазақстан Үкіметі зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткілікті шегін есептеудің жаңа тәртібін бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Құжатқа сәйкес, енді зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегін анықтау кезінде бірнеше негізгі көрсеткіш ескеріледі. Атап айтқанда, жылдық табыстылық мөлшерлемесі 9% болып белгіленді. Ал міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін ай сайынғы төлемдердің жыл сайынғы өсімі 8% деңгейінде есепке алынады.
Зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі арнайы формула арқылы есептеледі:
ПМДx0 = 12 × ПВx0 × äx0
Құжатта ең төменгі жеткілікті шек алдыңғы жылғы деңгейден төмен болмауы тиіс екені көрсетілген. Сонымен қатар ол инфляция деңгейінен 5 пайыздық тармаққа жоғары мөлшермен қайта есептеледі.
Қаулы ресми жарияланған күннен бастап 10 күн өткен соң, яғни 4 маусымнан бастап күшіне енеді.
Оқи отырыңыз: Алматы тау кластері кәсіпкерлікке жаңа серпін береді