Қазақстанда ірі салық берешегі бар азаматтардың шетелге шығуы шектеледі
Шешім сот санкциясы арқылы жүзеге асады
Қазақстанда 1 қазаннан бастап ірі салық берешегі бар азаматтардың елден шығуына уақытша шектеу қою шарасы қолданыла бастады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлауынша, ереже жеке кәсіпкерлерге, өзін-өзі жұмыспен қамтитын тұлғаларға, сондай-ақ заңды тұлғалардың бірінші басшыларына (немесе оларды алмастырушыларға) қолданылады.
Берешек көлемі 27 мың АЕК-тен асатын және ол пайда болған күннен бастап 3 айдан астам уақыт бойы төленбеген жағдайда. Шешім сот санкциясы арқылы жүзеге асады.
Салық өндірудің жаңа тәртібі:
- 20 АЕК-ке дейін: Тек хабарлама жіберіліп, өсімпұл есептеледі. Бұғаттау немесе басқа шаралар қолданылмайды.
- 20-дан 45 АЕК-ке дейін: Банк шоттары мен касса бойынша шығыс операциялары тоқтатылып, инкассолық өкімдер беріледі.
- 45 АЕК-тен асса: Мүлікті сипаттау, сату және дебиторлар есебінен өндіріп алу сияқты барлық мәжбүрлеп өндіру шаралары қолданылады.
Комитеттің түсіндіруінше, бұл өзгерістер шағын берешектер үшін бизнестің жұмысын бұғаттауды тоқтатып, ірі салықты төлеуден қашатындарға жауапкершілікті күшейтуге бағытталған.
Оқи отырыңыз: Мобильді аударымдар: халыққа 26,9 мың салық хабарламасы жіберілген