Қазақстанда халықтың болжамды өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жетті

Елде өлім-жітім деңгейі шамамен 3 пайызға төмендеген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда өлім-жітім деңгейі шамамен 3 пайызға төмендеген. Ал нәресте өлімі 18 пайыз қысқарды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл көрсеткіштер еліміздің халықаралық рейтингтердегі орнын жақсартуға мүмкіндік беріп, адам дамуы индексінде бірден 7 сатыға жоғарылауына әсер етті. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, халықтың болжамды өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жетіп отыр. Ведомство бұл оң өзгерістерді денсаулық сақтау саласында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстар мен реформалардың нәтижесі деп атап өтті.

«Соңғы жылдары денсаулық сақтауға бөлінетін мемлекеттік шығыстар  шамамен үш есеге артып, 2025 жылы 3 трлн теңгеге жетті. Бұл медициналық көмектің көлемін  кеңейтуге, инфрақұрылымды жаңартуға және медициналық техникалық базаны  жаңғыртуға мүмкіндік берді. Биыл республикалық маңызы бар бірқатар  негізгі нысандар пайдалануға берілді. Астанадағы Ұлттық онкология және жедел медициналық көмек орталығы ашылды. Сондай-ақ Алматыдағы Ұлттық жұқпалы аурулар орталығы қолданысқа берілді», – деді ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев.

Оқи отырыңыз: WhatsApp-топқа дәрігер туралы сөз таратқан адам 500 мың теңгеге жуық айыппұл төледі

Новости партнеров