WhatsApp-топқа дәрігер туралы сөз таратқан адам 500 мың теңгеге жуық айыппұл төледі
Almaty.tv
Қаулы заңды күшіне енген жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Тарбағатай аудандық соты бас дәрігердің қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған ақпарат таратқан адамға үкім шығарды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Соттың хабарламасына сай, 2025 жылғы 17 қазанда Қ. есімді адам WhatsApp мессенджеріндегі топта аудандық бас дәрігер М.-ның абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған мәліметтер таратқан. Күдікті өз кінәсін мойындамады. Жәбірленушінің өкілі болған жағдайды растап, қатаң жазаға тартуды сұрады.
Сот айыпталушыны ӘҚБтК-нің 73-3-бабының 2-бөлігіне сәйкес, кінәлі деп танып, 495 432 теңге айыппұл салды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Дереккөз: Azattyq Rýhy.
Оқи отырыңыз: Қарағандыда қызбен танысқысы келген жігіт ақшасынан айырылып қалды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
05.11.2026 08:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
06.11.2026 08:10
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
06.11.2026 10:34