Қарыз көлемі 3 трлн теңгеден асып, салаға қысым түсіріп отыр.
Қазақстан темір жолы шығынмен жұмыс істеп отыр, бұл жағдай тасымал бағасының айтарлықтай қымбаттауына әкелуі мүмкін. Сенатор Шәкәрім Бұқтұғұтов ҚТЖ-ның тариф саясаты мәселесін көтерді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Baq.kz -ке сілтеме жасап.
Жоғары аудиторлық палатаның дерегіне сүйенсек, елдегі жүк айналымының шамамен 70%-ы өзіндік құнынан төмен тарифпен тасымалданады.
Қазақстан ЕАЭО мен ТМД елдері арасында теміржол тарифтері ең төмен мемлекеттердің бірі саналады. Ал көрші елдерде дәл осындай тасымал құны 2-4 есе қымбат.
ҚТЖ-ның жалпы қарызы жаңа несиелерді қосқанда 3 триллион теңгеден асып кеткен.
Бұл мәселені соза беру ҚТЖ-ның өзіне де, жалпы елдің транзиттік әлеуетіне де айтарлықтай теріс салдар әкелуі мүмкін, – деп ескертті депутат Сенатта өтіп жатқан парламенттік тыңдауда.
Бұқтұғұтовтың айтуынша, тарифтерді жедел реформалау қажеттігін бұған дейін ақпан айында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі де тапсырған болатын.
Оқи отырыңыз: Алматыда қайта өңделетін және қауіпті қалдықтарды қабылдау бойынша экоакция өтеді