Қазақстанда тағы 6 министрліктің басшылары тағайындалды
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлықтарға қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен тағы 6 министрліктің басшысы тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда, Ақмарал Әлназарова ҚР Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Ал Әлібек Қуантыров Экология және табиғи ресурстар министрі қызметіне тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлібек Сакенұлы Қуантыров Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген Ақорда хабарламасында.
Сондай-ақ Айдарбек Сапаров Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар Асқарбек Ертаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне кірісті.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқарбек Маратұлы Ертаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Туризм және спорт министрі болып Ербол Мырзабосынов қайта тағайындалды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Ал Саясат Нұрбек Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі қызметіне тағайындалды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Саясат Нұрбек Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда таратқан хабарламада.
Оқи отырыңыз: Арман Қырықбаев Мәдениет және ақпарат министрлігін басқарады