Қазақстанда «Таза жағалау» экологиялық акциясы өтті

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі

Іс-шараға шамамен 36 мың адам қатысты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Қазақстанның өңірлерінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «Таза жағалау» экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің хабарлауынша, акцияның негізгі мақсаты – жағалау аймақтары мен су айдындарын тазалау, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті дамыту туралы қоғамның хабардарлығын арттыру.

Іс-шараға шамамен 36 мың адам қатысты. Олардың қатарында Үкімет өкілдері, студенттер, еріктілер және өңір тұрғындары бар.

Акция барысында өзендер мен су айдындарының жағалаулары тазартылды. Қатысушылар 1,5 мың тонна қалдық жинап, шығарды.

Нәтижесінде 663 гектар жағалау аумағы тазартылып, 810,7 тонна тұрмыстық қалдық қайта өңдеуге жіберілді.

Оқи отырыңыз: Президент Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру туралы Жарлыққа қол қойды