Аталған жылумен жабдықтау нысандарының жалпы құны 8,6 млрд теңгені құрады
Қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда жалпы қуаты 56 Гкал/сағ болатын 7 қазандық пайдалануға берілді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның ішінде Ақмола және Алматы облыстарында екі қазандықтан, Қарағанды және Түркістан облыстарында бір-бір қазандықтан іске қосылды.
Абай облысында қуаты 23,5 Гкал/сағ болатын ең қуатты қазандық пайдалануға берілді.
Аталған жылумен жабдықтау нысандарының жалпы құны 8,6 млрд теңгені құрады.
Оқи отырыңыз: Атыраудағы жарылыс: дүкен қазандығы істен шығып, көпқабатты үйлердің терезесі сынды