Қазақстанда жасыл энергия өндірісі он жылда 16 есеге өсті

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Елімізде ЖЭК үлесі соңғы он жылда 7%-ға дейін өсті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінен (ЖЭК) электр энергиясын өндіру жүйелі түрде дамып келеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұлттық статистика бюросынан хабарлағандай, 2025 жылдың қорытындысы бойынша ірі су электр станцияларын қоса есептегенде, ЖЭК-тің жалпы электр энергиясын өндірудегі үлесі 14,5%-ды құрады.

Ал ірі су электр станцияларын есепке алмағанда, бұл көрсеткіш 7%-ға жетті.

Ірі су электр станцияларын қоса есептегенде, ЖЭК-тен электр энергиясын өндіру көлемі 2015 жылғы 9,5 млрд кВт·сағаттан 2025 жылы 17,9 млрд кВт·сағатқа дейін өсті. Олардың жалпы электр энергиясын өндірудегі үлесі 10,4%-дан 14,5%-ға дейін артты.

Соңғы он жылда ірі су электр станцияларын есепке алмағанда, ЖЭК үлесі 2015 жылғы 0,6%-дан 2025 жылы 7%-ға дейін өсті.

Сонымен қатар осы көздерден өндірілген электр энергиясының көлемі 536,5 млн кВт·сағаттан 8 693,6 млн кВт·сағатқа дейін, яғни 16 еседен астам артты.

Оқи отырыңыз: Алматыда дәмханаларға жүргізілген тексеріс қорытындысы жарияланды