Қазақстандықтардың ортақ ойыны: асық ату қалай қайта жаңғырып келеді

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Ұлттық ойын – ортақ мәдени байланыстың көрінісі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Ассамблея жастары» РҚБ Алматы қаласы бойынша өкілдігі Аlmaty TV арнасымен бірлесіп қазақстандықтардың күнделікті өмірі туралы бейнероликтер сериясын шығарды.

Көпшілік назарына ұсынылған 1-серияда балаларды да, ересектерді де  ұлтына, жасына қарамастан бірден баурап алатын асық атудың қалай ортақ құндылыққа айналғанын көруге болады. Осылайша, қарапайым ойын арқылы халықтардың мәдени ұқсастығы мен рухани байланысы көрініс табады.

Қазақтың ұлттық ойыны – асық ату ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрлі ойындардың бірі. Бұл ойын балалардың мергендігін, ептілігін және төзімділігін дамытады.

Қала баласы асық ату ойынын сирек ойнағанымен, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын әсте жоғалтқан емес. Мектептерде, аулалар мен саябақтарда асық ату жарыстары ұйымдастырылып, қала тұрғындары да бұл ойынды қызыға тамашалап жүр.

Асық ату бүгінде мәдениеті мен елі ортақ, тату-тәтті тұрып жатқан қазақстандықтардың ортақ ойынына да айналды.

Оқи отырыңыз: 2026 жылы қазақстандықтар қанша күн демалады

Новости партнеров