Қазақстаннан Дубайға рейстер мамырдың соңына дейін тоқтатылды

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Әуе компаниясы қосымша өзгерістер болған жағдайда жолаушыларды хабардар етеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Таяу Шығыстағы шиеленістің жалғасуына байланысты Air Astana әуекомпаниясы Дубай бағыты бойынша тұрақты рейстердің уақытша тоқтатылуын 31 мамырға дейін ұзартты,  деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.

– Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Дубайға тұрақты рейстердің уақытша тоқтатылуы 31 мамырға дейін ұзартылды. Орындалмайтын рейстер жолаушыларына әуе билеттерінің толық құнын айыппұлсыз қайтару немесе сол қызмет көрсету класында 31 шілдеге дейін ұшатын рейстерге тегін қайта брондау ұсынылады.

Сондай-ақ тариф пен әуежай алымдарындағы айырманы төлеу арқылы 31 шілдеге дейін Air Astana рейстеріне бағытты тегін өзгерту мүмкіндігі қарастырылған, – делінген хабарламада.

Егер билет бұрын айыппұл ұсталып қайта брондалған болса, ұсталған сома қайтарылмайды.

Әуекомпания өңірдегі жағдайды бақылауды жалғастырып, қосымша өзгерістер болған жағдайда жолаушыларды хабардар етеді.

Оқи отырыңыз: Президент Сауд Арабиясының королі мен тақ мұрагеріне хат жолдады

Новости партнеров