Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

Depositphotos.com
Depositphotos.com

23-25 шілде күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан аумағы арқылы жылжитын солтүстік-батыс циклоны еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жаууына, ал жекелеген өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсуіне себеп болады. «Қазгидромет» алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды  Аlmaty.tv тілшісі.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, суық ауа массаларын ала келетін циклон жауын-шашынмен қатар ауа температурасының төмендеуіне де себеп болады.

«Қазақстанның батыс өңірлеріне Иран аумағынан жылы әрі құрғақ ауа массалары ығыса бастайды. Соның әсерінен жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы жоғарылайды. Күндіз өңірде 34-39 градусқа дейін аптап ыстық болады деп болжанып отыр. Кей жерлерде өте қатты ыстық болып, ауа температурасы 40-44 градусқа дейін жетеді», – делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Алдағы күндері күн салқындайды